29-11-19 | 16:10
Өзбекстан Қазақстанда қос билік барын мойындайды – сарапшы.
Өзбекстан Қазақстанда қос билік барын мойындайды – сарапшы

фото: president.uz

Дипломат, саясаттанушы Қазбек Бейсебаев фейсбук парақшасында Қазақстанның бірінші президенті, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, “”Нұр Отан” партиясының төрағасы Н.Назарбаев Өзбекстанға сапары туралы жазды.

“Әуежайда бұрынғы мемлекет басшысын протоколға сәйскес, шетел мемлекет басшысы ретін күтіп алды. Біздегі бар ереже, қағидалар бойынша шет мемлекеттерге қазіргі мемлекет басшысы, яғни екінші президент елдің атынан шығады. Сыртқы саясат қауіпсіздік кеңесі төрағасының, “Нұр Отан” партиясы төрағасының құзіретіне жатпайды. Сондықтан бұл сапар біздің сырт елдердегі әріптестерімізге сыртқы саясатта қос билік барын көрсетеді. Соның ішінде көрші ел – Өзбекстан оны мойындайды. Шиырып айтқанда, бізде бәрі қойыртпаққа айналды. Және бұл жақсылыққа апармайды” деп жазады сарапшы.

Кеше экс-президент, елбасы Н.Назарбаев Өзбекстан президентінің шақыруымен көрші елге сапарлап барды. Ол онда Орта Азия мемлекеттері басшыларының екінші кеңесіне қатысты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.