23-06-20 | 11:21
Жабық ангарда той жасағалы жатқандардың видеосы тарады (видео).
Жабық ангарда той жасағалы жатқандардың видеосы тарады (видео)

фото: видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желіде жабық ангарда той жасағалы жатқандардың видеосы тарады. Видеода той өткелі жатқан жер ауылшаруашылық техникасы тұратын үлкен ангар екенін байқауға болады. Ангардың сырғымалы есігін ашқанда ретпен қойылған үстелдерді, тойға дайындықты көруге болады. Мұның қай өңірде болғаны әзірге белгісіз. Ресми орындар видеоға қатысты әзірге ақпарат таратқан жоқ.

Қазақстанда коронавирус өршіп тұр. Пандемияға байланысты жиын-той, адам көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынғаны мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk