Жамбылда үш жыл бойы балабақшаның 54 млн қаржысы тоналған.
Жамбылда үш жыл бойы балабақшаның 54 млн қаржысы тоналған

Жамбыл облысында 54 миллион теңге бюджет ақшасын ұрлаған балабақша қызметкері сотталды. 

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, «Qamqor» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды.

«Балабақшаның бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында «Халық банк» АҚ карточкалық шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша үш жылда 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», – делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығынның бір бөлігі – 18 миллион теңге өтелді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk