12-11-20 | 13:49
Ағаділдің ұлын өлтірген күдіктілер қамалды.
Ағаділдің ұлын өлтірген күдіктілер қамалды

Азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің ұлы – 17 жастағы Жанболат Ағаділді өлтірген күдіктілер қамауға алынды. Бұл туралы бүгін тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов брифингте мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта төбелеске қатысы бар үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің кінәсін дәлелдейтін айқақтар жиналды. Ағаділді ұрып-соғып өлтірген күдіктілерге аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылуда. Біз тергеу барысын бақылауымызға алдық. Оның нәтижесін хабарлайтын боламыз, – деді Санжар Әділов.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қарашада сағат түнгі 10:56-да 102 нөмеріне Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданы Болашақ көшесінде жаппай төбелес боп жатқаны туралы қоңырау шалынған. Полиция келгенше жастар арасындағы ерегес төбелеске ұласып екі адам жарақаттанды. Ал пышақталған 17 жастағы Жанболат Ағаділ жедел жәрдем келгенде ауыр жарақаттан көз жұмды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.