16-10-19 | 16:23
Жанболат Мамай Қазақстанның демократиялық партиясын құратынын мәлімдеді.
Жанболат Мамай Қазақстанның демократиялық партиясын құратынын мәлімдеді

Белгілі қоғам белсендісі Жанболат Мамай Қазақстанның демократиялық партиясын құратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

“Әріптестерімізбен ойлана келе, осындай партия құруды жөн санап отырмыз. Біздің мақсатымыз – әділет министрлігінде тіркелу емес. Жалпы бір нәрсені түсіну керек деп ойлаймын. Партия деген қағаз емес, әділет министрлігінде тіркеу емес, биліктің берген рұқсаты емес. Партия – адал идеялас азаматтардың, тұлғалардың алдына қойған мақсаттарын саяси тұрғыда жүзеге асыру. Президент, парламент сайлауларында бағдарламасын халыққа таныстырып, елдің қолдауын, даусын жинап билікке келу – кез келген партияның алдына қойған мақсаты – осы” – деді Жанболат Мамай.

Жаңа партия құру туралы баспасөз мәлихатына саясаткер Төлеген Жүкеев және журналист Сергей Дуванов қатысты.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.