20-03-20 | 19:53
Жандарбек Бекшин қызметінен кетті.
Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Он жыл Қазақстанның бас санитары болған Жандарбек Бекшин қызметінен кетті. Оның орнына министр Елжан Біртановтың бұйырығымен Айжан Есмағамбетова тағайындалған. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп растаған.

Бекшин наурыз айының басында болған баспасөз мәслихаты кезінде: “Коронавирус Қазақстанға 11-16 наурызда ақыры келеді” деген сөз айтып қалып, оның сол сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді.

Бекшиннің қызметінен кетуіне не себеп болғаны айтылған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk