11-11-19 | 20:00
Жарықсыз Нұр-Сұлтан: қылмыстық іс қозғалды.
Жарықсыз Нұр-Сұлтан: қылмыстық іс қозғалды

Қарашаның 9-нан 10-на қараған түні “Сол жағалау” қосалқы электр станциясында электр апаты болып, Астанадағы стратегиялық нысандар, тұрғын үйлер жарықсыз қалған еді.

Президент Қ.Тоқаев апаттың неден болғанын тексеріп, кінәліні тауып жауапкершілікке тартуды тапсырған.

Бүгін ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің су жаңа бастығы Санжар Әділов қаладағы электр апатына қатысты “өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қалалық полиция департаментінің жедел тергеу тобына тапсырылғанын хабарлады.

Істі ішкі істер министрі бақылауына алған.

Істің тергеу-тексеру процесі екі айға созылуы мүмкін екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.