Белгілі актер Фархат Әбдірайымов Грузияда киноның түсірілімі кезінде көз жұмған.
«Актер Фархат Әбдірайымов Грузияда фильмнің түсірілім алаңында қайтыс болды. Қаңтарда ол 55 жасқа толған», – дейді Козачков Telegram каналында.
«Қазақфильмнің» хабарлауынша, актер жүрек талмасынан қайтыс болған.
«Бүгін белгілі қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында көз жұмды. Актердің туыстарының мәліметінше, актер жүрек талмасынан көз жұмған. «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы Фархат Нұрсұлтанұлының отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Актермен қоштасу күні мен орны кейінірек белгілі болады», – делінген хабарламада.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қайғылы оқиға қонақ үйде болғанын мәлімдеді.
«Түнде қонақ үйде актердің жүрегі тоқтап қалды. Оның өлімі туралы бізге бірден хабарланды. Консул мәйітті Қазақстанға жіберу үшін жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады департамент.
Фархат Әбдірайымов – 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.
1999 жылдан бері – Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының актері.
Фархат Әбдірайымов «Фарах», «Қызғылт қоян туралы ертегі», «Рэкетир-2», «А-ға оралу» және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал.