arasha.kz

Ильин Седовтың өліміне қатысты: Жалғыз өзім не істей аламын?!

Танымал ауыр атлет Илья Ильин әріптесі Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді.

Ильин Владимирдің туған-туыстарына көңіл айтып, бұл Қазақстанның ғана емес, спорт әлемі үшін ауыр қаза екендігін алға тартты.

Өкінішке қарай, соңғы жылдары байланысымыз үзіліп қалған болатын. Осылай болғаны өте өкінішті. Өкінішке қарай, өмірден жас кетті. Жігіттер, бір-біріңді бағалаңдар, – деді ол.

Илья Ильин 2021 жылы 25 жаста тағы бір ауыр атлет Альберт Линдер де осылай өмірден өткенін еске салды.

Бұл екінші жағдай. Әлемдік ауыр атлетикада да, Қазақстандағы жағдай да өте ауыр. Бізде күрделі мәселелерді көрмейді. Бізге бірге болу керек. Адамдар айлықсыз, жұмыссыз отыр. Отбасыңда проблемалар туындайды, себебі асырауың керек. Федерацияның өз проблемалары бар. Қолымнан келгенше жігіттерді қолдауға тырысамын. Жалғыз өзім не істей аламын? Қазір 30 шақты адам жұмыссыз отыр,- деді зілтемірші.

Илья Владимир Седовтың өлімі біздің қоғам үшін дабыл болуы керек деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Arasha.kz

Exit mobile version