16-04-21 |
800 рет қаралған
Көрнекті ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті.
Көрнекті ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

Қазақ әдебиетігің танымал тұлғасы, көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов өмірден өтті.

Қаралы хабарды Facebook парақшасында ақын Ақберен Елгезек естіртті.

«Қадірлі ағайын! Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын.
Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын.
Қосымша ақпарат кейінірек беріледі»,- деп жазды ол.

Есенғали Әбдіжаппарұлы 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда Хожелы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Өзбекстанның Жызақ облысы Мырзашөл ауданындағы «Достық» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып бастаған.

Кейіннен «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі, «Арай» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналының бас редакторы, 1995 жылдан «Жазушы» баспасының директоры болған. 

Алғашқы жыр жинағы «Бастау» деген атпен 1980 жылында жарық көрді. Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазған. 

Arasha.kz порталы марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.