Жол апатынан кейін Tesla автокөлігінің батареясын суыту үшін 11 тонна су мен арнайы контейнер қажет болған.
Жол апатынан кейін Tesla автокөлігінің батареясын суыту үшін 11 тонна су мен арнайы контейнер қажет болған

Австрияда Tesla автокөлігінің жүргізушісі ірі жол көлік апатына ұшыраған. Ол жоғары жылдамдықпен келіп, бұрылыста көлігін басқара алмай, жол жиегіндегі ағашқа келіп соғылған. Абырой болғанда жүргізушінің өзін оқиға куәгерлерінің бірі дереу көліктен шығарып алғандықтан дін аман, ал көліктен өрт шыққан. Өрт сөндірушілер көліктегі отты тез сөндіргенімен, оның батареясын суыту оңайға соқпаған. Сөйтіп, электромобильді эвакуациялау үшін оқиға орнына 11 тонна су толтырылған арнайы болат контейнер жеткізілген Zerohedge басылымы.

Tesla электромобильдерінің батареясы қатты қызған жағдайда алты тәулікке дейін қауіпті болады екен. Осы уақыт ішінде оны салқын сумен суытып отырғаннан бөлек арнайы қосымша құрылғылар да пайдаланылады. Ал көліктің қаңқасы изоляцияланылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.