
Маңғышлақтан Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызында газ баллоны жарылды. Жүк вагонынан өрт шығып, бес адамның, соның ішінде бір баланың денесін күйік шалды. Төтенше жағдай Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының аумағында орналасқан №464 разъезд маңында болған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
«Өрттің таралуына жол бермеу үшін багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылды. Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде бір баланың денесін түрлі дәрежедегі күйік шалды. Зардап шеккендер жүк вагонында болған. Олар Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», – деді ТЖ министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Мамандар өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонның жарылуы себеп болды деп отыр. Жолаушылар пойызы бүгін таңертең Ақтөбе станциясына жіберілді.
-
2021-03-03 16:58:45
-
2021-03-03 10:01:59
-
2021-03-03 07:26:48
-
2021-03-02 19:24:48
-
2021-03-02 16:06:51
-
2021-03-02 10:59:04
-
2021-03-02 09:39:51
-
2021-03-02 09:01:03
-
2021-03-02 08:42:16