14-09-20 | 20:12
Журналистер “жынын келтіретін” Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды.
Журналистер “жынын келтіретін” Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды

Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен Серік Жұманғарин бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалып, қызмет істеген еді. Оның алдында ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. Вице-министр болып тұрғанда сұрақ қойған журналистерге “жынымды келтірмеңізші” деген сөзінен дауға қалған еді. Министрдің журналистерге айтқаны жазылған видео 2019 жылдың 13 ақпанынде интернетте тараған еді.

Кейін Жұманғарин: “Журналистерге қатты сөйлегенім үшін өкінемін. Сөйлеу мәнерім шектен шыққанын мойындаймын. Ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап беруге дайынмын” деп кешірім сұраған еді. Сондай сөзімен ел есінде қалған Жұманғарин жаңа қызметке кірісті.

фото: azh.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.