8 қарашада сайтымыздың электронды поштасына ұжымдық хат келіп түскен едік. Хат сайтта «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы жұмысшыларын қанап отыр ма?» деген тақырыппен жарияланды. Іле компанияның Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсесінен, қоғаммен байланыс бөлімінен хабарласып, ұжымдық хатта айтылған мәселелерге компания уақытында жауап бергені белгілі болған. Біз өз тарапымыздан материалды сайт жарияланымдары қатарынан алып тастағанбыз. Ал өткен аптада сол ұжымдық хатқа байланысты «Universal service DDK» ЖШС-нен хат келіп түсті. Онда 8 қарашада жарияланып, кейіннен алынып тасталған ұжымдық хатта аталған «Universal service DDK» ЖШС қызметкерлері arasha.kz сайтына жүгінгені туралы айтылғаны, алайда компания басшылығы ұжыммен кездесуде жұмысшылардың arasha.kz сайтына ұжымдық хатта көрсетілгендей жүгінбегендері анықталған. Сол себепті «Universal service DDK» ЖШС қызметкерлерінің arasha.kz сайтына жүгінбегендігін, ұжымдық хатта келтірілген мәліметтерді дәйексіз деп танып, ол мәліметтерді теріске шығарамыз!
Терістеме.
