Logo
Іздеу
Айдарлар

Сайт материалын пайдалану ережелері

Жаңартылған күні: 09.07.2025

Құрметті оқырман!
Осы ереже Arasha.kz ақпараттық-құқықтық порталының (бұдан әрі — Сайт) материалдарын пайдаланудың құқықтық шарттарын белгілейді. Сайтты пайдалану арқылы сіз төменде көрсетілген ережелермен келісесіз.

1. Авторлық құқық

1.1. Сайттағы барлық материалдар (мәтіндер, фотосуреттер, бейнематериалдар, графика, логотиптер және өзге де контент) Қазақстан Республикасының "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңына сәйкес қорғалған.

1.2. Arasha.kz редакциясы жарияланған авторлық материалдарға және эксклюзивті контентке толық құқық иесі болып табылады, егер өзгеше көрсетілмесе.

2. Материалдарды көшіру және тарату

2.1. Сайт материалдарын жария (ашық) түрде тарату тек төмендегі шарттармен ғана рұқсат етіледі:

Міндетті түрде дереккөзді көрсету:
Материалды толық немесе ішінара көшіру кезінде Arasha.kz атауын және белсенді сілтемені (гиперсілтеме) көрсету міндетті. Мысалы: "Дереккөз: Arasha.kz"
→ https://arasha.kz

Мақаланы өңдемеу және мәнін бұрмалау:
Мақаланың мазмұнын бұрмалауға, өзгертуге немесе контекстен жұлып алуға тыйым салынады.

2.2. Фотосуреттер мен бейнематериалдарды пайдалану тек редакцияның жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

2.3. Ақпаратты коммерциялық мақсатта пайдалану үшін редакциядан алдын ала жазбаша келісім алу қажет.

3. Үшінші тарап материалдары

3.1. Сайтта жарияланған кейбір материалдар (мысалы, агенттіктерден алынған жаңалықтар, авторлық пікірлер, әлеуметтік желіден алынған фото/видео/текст) үшінші тарапқа тиесілі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда материалда дереккөз анық көрсетіледі.

3.2. Мұндай материалдарды қайта басу кезінде бастапқы авторлық құқық иесінің талаптары сақталуы тиіс.

4. Жауапкершілік

4.1. Сайт материалдарын заңсыз немесе ереже бұза отырып пайдаланған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шара көріледі.

4.2. Редакция өз контентінің басқа ресурстарда рұқсатсыз жариялануына қарсы құқықтық шараларды қабылдауға құқылы.

5. Байланыс

Сайт материалдарын пайдалану бойынша сұрақтар мен рұқсат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
Электрондық пошта: arasha.abai@gmail.com 
Телефон: +7 (747) 8446070