Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды

21 шілде, 2025 / Қайсар Қалам
Видеодан скрин

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, - деді ол.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

Бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа көшуге қарсылық танытқанын хабарлағанбыз.

Тэгтер:

президент балалар үйі Қонаев қаласы