Logo
Іздеу
Айдарлар

Бибісара Асаубаева ресми түрде гроссмейстер атағын алды

/
Бибісара Асаубаева ресми түрде гроссмейстер атағын алды
Фото: Gov.kz

Батуми қаласында Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Кеңесінің отырысы өтті. Осы жиында 21 жастағы қазақстандық Бибісара Асаубаеваға ресми түрде гроссмейстер атағы берілді.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева — бұл беделді атақты иеленген еліміздің екінші өкілі және әлемдегі 43-ші шахматшы әйел атанды.

Бұған дейін осындай атақты Жансая Әбдумәлік алған болатын.