Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағанды тұрғындары қаланың өзгерісін нақты уақыт режимінде бақылай алады

/
Қарағанды тұрғындары қаланың өзгерісін нақты уақыт режимінде бақылай алады

Қарағанды қаласында енді тұрғындар шаһардың қалай өзгеріп жатқанын нақты уақыт режимінде бақылай алады. Қаланың 25 медиаборды мен 5 LED-экранында күн сайын абаттандыру мен тазалық жұмыстары туралы мәліметтер жаңартылып отырады. 

Сонымен қатар, апта сайынғы статистика 53 қалалық қоғамдық көлік бағытының бойындағы экрандарда көрсетілмек. Бұл құрылғыларда тұрмыстық қатты қалдықтар мен ірі габаритті қоқыстардың қаншасы шығарылғаны, қанша көгал орылғаны мен көшелердің тазаланғаны, стихиялық қоқыс үйінділерінің қаншасы жойылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл мәліметтер күнделікті түрде коммуналдық және мердігер ұйымдардың жұмысына негізделіп қалыптасады.

– Бұл тұрғындар үшін шынайы жағдайды көрсететін айна іспетті. Қала өзгеріп жатыр – біз мұны уәдемен емес, статистикамен дәлелдейміз. Цифрлар сөзден гөрі нақты, – деді әкімдік өкілдері.

Мұндай тәсіл тек қала қызметтерінің жұмысын ашық әрі әділ ету үшін емес, сонымен бірге қарағандылықтарды да қоғамдық іске тарту мақсатында қолға алынған.

– Қалаңыздың қалай өзгеріп жатқанын көзіңізбен көріп тұрсаңыз, соған өзіңіздің де үлес қосқыңыз келеді, – деп толықтырды әкімдік мамандары.