Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамптай бітімгер президент тарихта болмаған — саясаткер

/
Трамптай бітімгер президент тарихта болмаған — саясаткер
Фото: ашық дереккөзден алынды

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Джо Уилсон Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдағы уақытта Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт келісім жасалатынын мәлімдеді.

Ол бұл үдерісте АҚШ президенті Дональд Трамптың рөлі ерекше екенін айтып, былай деп жазды:

"Дональд Трамптай бітімгер президент тарихта болмаған."

Уилсонның айтуынша, Трамп өзінің президенттік кезеңінде бірқатар елдер арасындағы шиеленістерді бәсеңдетуге ықпал еткен. Ол мысал ретінде келесідей мемлекеттерді атады:

Конго мен Руанда

Тайланд пен Камбоджа

Пәкістан мен Үндістан

Және жақын арада – Әзербайжан мен Армения

"Ол Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық!" – деп түйіндеді америкалық саясаткер.