Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот отырысында оқиғаның видеосы көрсетілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кадрларда күдікті Ернар Жиембайдың Руслан Берденовке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының кіреберісінде оқ атқаны көрінеді. Жарақат алғанына қарамастан, шенеунік қарсылық көрсетуге тырысқан. Кейін оның жүргізушісі араласып, Жиембайды оқиға орнында ұстаған. Сол сәтте Берденов жерде жатқан.
Еске сала кетейік, 21 сәуір кешке қала әкімдігі ғимараты алдында Ернар Жиембай Руслан Берденовке оқ атқан. Шенеунік жараланып, ауруханаға жеткізілді. Ота шамамен төрт сағатқа созылған. Күдікті оқиға орнында ұсталды.