89 жасында итальяндық тележүргізуші, радиожүргізуші, актер, музыкант және әнші Пиппо Баудо дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Пиппо Баудо 1936 жылы 7 маусымда Милителло-ин-Валь-ди-Катания қаласында дүниеге келген. Ол Катания университетінде заңгер мамандығын тәмамдағанымен, актерлік өнер мен тележүргізушілікке деген қызығушылығы басым болған. Сонымен қатар, фортепианода ойнауды үйренген.
1950-жылдардың соңында Баудо "Orchestra Moonlight" құрамында әнші әрі пианист ретінде өнер көрсетті. 1959 жылы алғаш рет итальяндық телеэкранға шығып, "Каравелла успехов" бағдарламасында көрінді. Кейін ол RAI арнасында бірнеше бағдарламаны жүргізіп, көркемдік жетекші қызметін атқарды.
Mediaset арнасымен келісімшартқа отырғанымен, бұрынғы табысын қайтара алмады. Дегенмен, RAI арнасындағы "Новеченто" бағдарламасын жүргізген соң мансабы қайта жанданды.
1970-жылдары Баудо Катаниядағы "Антенна Сицилия" жеке арнасының құрылуына белсенді атсалысып, онда жұмыс істеді. Сондай-ақ, Баудо Сан-Ремо фестивалін 13 рет жүргізіп, рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд Майк Бонджорноға тиесілі болған – 11 рет.