Logo
Іздеу
Айдарлар

Берденовті атқан Жиембай неше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін?

/
Берденовті атқан Жиембай неше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін?
Qaz365.kz коллажы. Суретте: Руслан Берденов пен Ернар Жиембай

Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке бағытталған қастандық ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сотта мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Қараманов айыпталушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурордың айтуынша, істе айыптының жағдайын жеңілдететін де, ауырлататын да тұстар бар. Жеңілдететін фактор ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының болуы айтылса, қылмыстың мас күйде жасалғаны ауырлататын мән-жай ретінде көрсетілді.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс болып, нәтижесінде Руслан Берденов жарақат алған еді. Оқиғадан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.