Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші! Жаңа тынысым! Қайрат Нұртастың әйелі бесінші сәбиін босанды

/
Сүйінші! Жаңа тынысым! Қайрат Нұртастың әйелі бесінші сәбиін босанды
Әлеуметтік желіден. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалығын ол Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жұлдыз жаңа туған сәбиін құшағына алып тұрған бейнеролик жариялап, жазба астына қысқа ғана "Жаңа тынысым" деп жазды.

Бұл хабарды естіген желі қолданушылары жас анаға ақ тілектерін жаудырып, құттықтап жатты. "Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын!", "Бесік бауы берік болып, аман-есен ер жетсін!" деген сияқты жылы лебіздер көптеп жазылды.