Logo
Іздеу
Айдарлар

Салт-дәстүр онлайн платформаларда кең насихатталуда

/
Салт-дәстүр онлайн платформаларда кең насихатталуда
фото: pixabay.com

Қазіргі кезде жастар жағы YouTube арнасынағы «QAZAQGRAM»   жобасының бейнероликтер жиі қарайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазіргі кезде жастар жағы YouTube арнасынағы «QAZAQGRAM»   жобасының бейнероликтер жиі қарайды. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын жастарға жеңіл форматта жеткізуге мән берілген. Айталық әр бейнероликтер бір сұраққа толымды бір жауап қана қайтарылады. Күйеу балаға неге төс тартылады, құдаларға не себепті құйрық-бауыр асатады, жас келін неге отқа май құяды, балаға неге кекіл қойылады, келін неге ата-енесінің атын атамайды, ашамай деген не деген сияқты сауалдарға берілген жауаптар жастардың көкірек-көзін ашып қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, қазақы салт-дәстүрді ұстануға үндейтіні талассыз.

Сондықтан, бүгінгі қазақ балалары тарихын біліп, салт-дәстүрін ұлықтап өссін десек, танымдық бағдарламалардың қатарын әлі де көбейте түскеніміз абзал. Өйткені мұндай тағылымы мол хабарлар ұлтты сақтау үшін, ұрпағымызды тәрбиелеу үшін керек.