Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қызыңның сүйегін алып кет": Түскеніне үш күн болған жас келін қайтыс болды (ВИДЕО)

/
"Қызыңның сүйегін алып кет": Түскеніне үш күн болған жас келін қайтыс болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Өзбекстанның Ташкент облысында жас келіннің қаза болуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қыз ұзатылғанына үш күн өткенде қайғылы жағдай орын алған, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі Millar арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның туыстары қыздың өлімін күмәнді деп санайды. Күйеу жігіттің жақындары бұл оқиғаны суицид деп сипаттаса, анасы қызын қасақана буындырып өлтіргеніне сенімді.

Марқұмның анасы бұл туралы Миллар телебағдарламасында айтып берді. Оның сөзінше, қызы 3 сәуірде Келес қаласына тұрмысқа шыққан. Күйеу жігіттің отбасы ауқатты екенін айтып, құдалықты жасауды сұраған. Әке-шешесі жоқ жас келінді анасы жалғыз өзі ұзатқан.

"Бұл менің жалғыз қызым еді. Күйеуім болмаса да, тойға барымды салдым. Үш күн өтпей жатып, маған қоңырау шалып: "Қызыңның сүйегін алып кет" деді. Мұндай қорлықты қалай түсінуге болады?", – деп көзіне жас алды марқұмның анасы.

Қайғылы оқиға 6 сәуір күні кешкісін болған. Анасының айтуынша, қызы тұрмысқа шыққалы бақытты жүрген, туыстарына бейнеролик жіберіп, қуанышын бөліскен.

"Ол өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Қажет болса, зиратын ашуға да дайынмын, тек ақиқатты дәлелдеу үшін", – дейді ол.

Ал енесі болса, «келіннің қазасына ешкімнің қатысы жоқ, ол күні үйде ешкім болмаған» деп мәлімдеген.

Марқұмның отбасы ел ішінде сыйлы болған. Жесір әйел екі баласын өзі өсіргенімен, қызына жақсы отбасына тұрмысқа шығуына жағдай жасауға тырысқан.

Дегенмен, Ташкент облыстық прокуратурасы тексеріс жүргізіп, қыздың денесінде тұншығу белгілері анықталмағанын хабарлады. Тергеуге дейінгі тексеру нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.