Logo
Іздеу
Айдарлар

Aitu мен Kcell Қазақстандағы цифрлық экожүйені дамытуға серіктестігін бастады

/
Aitu мен Kcell Қазақстандағы цифрлық экожүйені дамытуға серіктестігін бастады
BTS-Digital

SuperApp Aitu мен «Кселл» АҚ стратегиялық әріптестік туралы ресми түрде хабарлады. Екі компания қазақстандықтар үшін ыңғайлы әрі кешенді цифрлық өнімдер жасап, артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыруды көздейді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бүгінде телеком операторлар тек байланыс қызметін көрсетумен шектелмей, ал цифрлық платформалар өз мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, осы екі саланың тоғысуы жаңа стандарттардың қалыптасуына жол ашады. SuperApp байланыс инфрақұрылымына қол жеткізсе, телекоммуникациялық компаниялар тұтынушыларға арналған кеңейтілген цифрлық экожүйелерге ие болады. Қазақстанда Kcell мен Aitu-дың бірлесуі осы бағыттағы алғашқы маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиев бұл бастаманың ұлттық маңызына тоқталды.

«Мұндай ұлттық жобалар еліміздің цифрлық тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Олар технологиялардың дамуына үлкен үлес қосады. Сондықтан, біз әрбір қазақстандықтың қолдауына қуанышты болар едік. Қазақстанда пайда болып, ары қарай дамып бара жатқан оператор „Kcell“ АҚ-мен серіктестік отандық телекоммуникация өнімдерін және телекоммуникация нарығын дамытуға тағы бір қадам», – деді ол.

Kcell АҚ Бас атқарушы директоры Асқар Жамбакин де пікір білдірді.

«Қазақстандық байланыс операторының тәжірибесі мен ұлттық цифрлық платформаны біріктіре отырып, компаниялар өздерінің қолданыстағы экожүйелерінің қисынды жалғасы болатын жаңа жергілікті өнімді құру мүмкіндіктерін ашады. Ұялы байланыс операторының абоненттері үшін бұл байланыс пен цифрлық қызметтерді одан да ыңғайлы пайдалануды, ал Aitu пайдаланушылары үшін ұялы байланыс мүмкіндіктерімен біріктірілген қолжетімді шешімдер ауқымын кеңейтуді білдіреді», – деп түсіндірді ол.

Aitu бүгінде қазақстандық IT нарығының басты жетістіктерінің бірі саналады. Бұл тек мессенджер емес, толыққанды ұлттық SuperApp, онда хабар алмасу, қоңырау шалу, ақша аудару, киноға билет алу, музыка тыңдау, жаңалық оқу, пайдалы арналарға жазылу, аударма жасау және AI көмекшісіне жүгіну сияқты күнделікті қажетті функциялардың барлығы біріктірілген.

Сонымен қатар, қолданбаның басты ерекшелігі – деректердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуы. Барлық ақпарат Қазақстан аумағында сақталып, ұлттық заңнамаға сәйкес қорғалады.

Aitu мен Kcell арасындағы серіктестік – елдің цифрлық экономикасын дамытудағы маңызды кезең. Бұл қадам заманауи қызметтерді тек технологиялық тұрғыдан жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге оларды адамдардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған.