Logo
Іздеу
Айдарлар

"Өзі итермелеп тұр": Трамп Ресейге қарсы "соғыс" ашатынын мәлімдеді

/
"Өзі итермелеп тұр": Трамп Ресейге қарсы "соғыс" ашатынын мәлімдеді
Jim Watson/Getty Images. Суретте: Дональд Трамп пен Владимир Путин

АҚШ президенті Дональд Трамп министрлер кабинеті мүшелерімен кездесуде Ресейге қарсы "экономикалық соғыс" жариялау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамп егер Ресей Украинаға қарсы әрекетін тоқтатпаса, нақты шара қолдануға дайын екенін айтты.

"Бұл жаһандық соғыс болмайды, экономикалық соғыс болады, ал экономикалық соғыс – Ресей үшін өте ауыр. Мен дәл бұлай болғанын қаламаймын, бірақ ол осы жолға өзі итермелеп тұр", – деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ Трамп бұл қадамға баруға дайын екенін атап өтіп, экономикалық соғыста мыңдаған адамдардың өмірін жоғалтуы мүмкін екенін еске салды.

Айта кетейік, 15 тамызда Трамп Аляскада Путинмен кездесті. Сол кездесу соңында ол Зеленский мен Путиннің жеке кездесуі болатынын хабарлағанымен, бір жарым апта өтсе де, кездесу әлі ұйымдастырылған жоқ.