Logo
Іздеу
Айдарлар

Риддер тауларында қар жауды

/
Риддер тауларында қар жауды
Сурет: видеодан скрин

Шығыс Қазақстанда қазір толассыз жаңбыр жауып тұр. «Қазгидромет» мәліметінше, 1, 2 және 3 қыркүйекте -2 градусқа дейін үсік болып, жаңбыр қар аралас жауады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ал Риддер тауларында қар қазірдің өзінде түсті. 31 тамыз күні жергілікті тұрғын қар жауған көріністі видеоға түсірген. Дегенмен риддерліктер үшін бұл таңсық емес: тауда қар әрқашан қалаға қарағанда ертерек түседі.

Бұл құбылыс қыстың жақындағанының белгісі іспетті.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, қар облыстың Абай ауданына қарасты Бесқарағай орманында да жауған. Шығыстағы жаздың қысқалығы осылайша тағы бір мәрте дәлелденді.