Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазаққа танымал актриса ауыр дерттен 38 жасында көз жұмды (ФОТО)

/
Қазаққа танымал актриса ауыр дерттен 38 жасында көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал үнді актрисасы Прия Маратхе 38 жасында өмірден өтті. Ол соңғы екі жыл бойы онкологиялық дертпен күресіп келген, деп хабарлайды жергілікті БАҚ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Актрисаға ота жасалып, біршама уақыт бойы өзін жақсы сезінген. Тіпті түсірілім алаңына қайта оралып, сериалдарға түскен. Алайда дерт асқынып, бірнеше мәрте ем қабылдағанына қарамастан, оны құтқарып қалу мүмкін болмады.

«31 тамыз, жексенбі күні Прия Маратхе ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін қайтыс болды. Әлеуметтік желі қолданушылары актрисаның қазасына байланысты қайғырып, естелік жазбаларын қалдыруда», – делінген хабарламада.

Прия Маратхе 1987 жылдың 23 сәуірінде Тане қаласында дүниеге келген. Оның актерлік мансабындағы ең есте қаларлық рөлі – «Мен тек сенің әніңді айтамын» телехикаясындағы Моника Камат бейнесі. Сондай-ақ ол «Қасиетті узы», «Бұл бақыт па әлде жоқ па», «Маған бұл қатты ұнайды», «Енді көңіл көтерейік», «Біз өмір сүруді үйрендік» және «Жеңіс» атты жобаларға қатысқан.