Logo
Іздеу
Айдарлар

"Үш жылда – 3 бала": Төреғалидің қарындасы жүктілігін айтамын деп қызу талқыға түсті

/
"Үш жылда – 3 бала": Төреғалидің қарындасы жүктілігін айтамын деп қызу талқыға түсті
ашық дереккөзден

Белгілі блогер Дина Төреәлі көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желі жұлдызы өзінің үшінші сәбиін күтіп жүргенін жариялады.

"Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір", – деп жазды Дина.

Әпкесі, блогер Фариза Төреәлі де қуанышқа ортақтасып, сіңлісіне жылы лебізін арнады.

"Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін!" – деді ол.

Алайда желідегі пікірлер әртүрлі болды: бірі ана болуды құптаса, енді бірі денсаулық тұрғысынан алаңдаушылық білдірді.

"Үш жылда – 3 бала, не деген батылдық", "20 жасында жоғары білім алмай, үшінші бала туу керек пе?! Анаға денсаулық тілеймін. Бірақ жас қыздар өздерін тек бала туатын инкубатор ретінде көрмей, Алланың бойына берген талантын, білімі мен қасиеттерін дамытып, тұлға болып қалыптасып, 25 — 28 жастарында ғана отбасын құрып бала туса жақсы болар еді", – деп жазды олар.