Logo
Іздеу
Айдарлар

Өзбекстан Еуроодақпен жаңа келісім жасауға дайындалып жатыр

/
Өзбекстан Еуроодақпен жаңа келісім жасауға дайындалып жатыр
Фото: ашық дереккөз

24 қазанда Брюссельде Өзбекстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы күтілуде.

Бұл туралы Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке жолдаған құттықтау хатында ишара білдірді. Хат ел тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай жолданған.

Жаңа құжат Ташкент пен Брюссель арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаруды көздейді. Бұған дейін ынтымақтастық негізі 1990-жылдардың соңында бекітілген келісімге сүйеніп келген. Ол саясат, сауда, инвестиция және гуманитарлық байланыстарды қамтығанымен, ауқымы шектеулі болды.

Саясаттанушы Аркадий Дубновтың пікірінше, келісімді жаңарту бастамасы елде билік ауысқаннан кейін көтерілген. Президент Мирзиёевтің келуімен Еуроодақпен жаңа форматтағы байланыстар орнады.

Келіссөздер үш жылдан астам уақыт жүргізіліп, 2022 жылғы маусымда келісім мәтіні парафирленді. Содан бері құжат заңдық сараптамадан өтіп, ЕО елдерінің тілдеріне аударылды.