АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты "жақсы адам" деп атап, журналистерден оған сәлем жолдауды өтінді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Америкалық көшбасшы бұл сөзін жексенбі, 7 қыркүйек күні Ақ үйден шығып, ерлер арасындағы АҚШ ашық чемпионатының финалына аттанар алдында айтты.
Репортер Трамптан Қазақстан жайлы ойы мен елге бару жоспары туралы сұрады.
Трамптың айтуынша, мұндай сапар болуы мүмкін. Сондай-ақ ол Тоқаевпен жақсы әңгімелескенін атап өтті.
"Сәлем айтыңыздар! Сіздердің Президенттеріңіз өте жақсы адам", – деді АҚШ президенті.