Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жүрсін Ерманға алданып қалған": Айтыстың абызы жайлы шындықтың беті ашылды

/
"Жүрсін Ерманға алданып қалған": Айтыстың абызы жайлы шындықтың беті ашылды
ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Бек Шымат мектепте оқып жүрген шағындағы қызықты оқиғасын айтып, жұртшылықты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақынның айтуынша, 10-сыныпта жүрген кезінде белгілі актер Бақытжан Қасымов өзін Жүрсін Ерманмын деп таныстырып, оған қоңырау шалған. Сол сәтті Бек Шымат "1001 түн" бағдарламасында еске алып, алғаш рет естіген дауыстан қатты толқып қалғанын жасырмады.

"Алғаш хабарласқанда қолым дірілдеп, абдырап қалдым. "Арнау айтасың ба?" деп сұрағанда, "иә, аға, барамын" деп бірден келістім. Кейін қайта хабарласып, ұйқастарыңды дұрыстап ал деді. Тіпті өзім де қоңырау шалып, арнау не жайында екенін сұрадым. Сонда: "Никита деген орыс шал қайтыс болыпты, соған жаназаға арнау айтуың керек" деді. Ал мен шынымен сол арнауға дайындала бастадым ғой", – деп күлді ақын.

Бұл әңгіме студия қонақтарының да көңілін көтеріп, бағдарламадағы ең көңілді сәттердің біріне айналды.

"Көзімнің ағы менен қарасындай,
Никита ағам еді дәл осындай,
Орыс болса да, қазақтың баласындай", – деп жырлаған ақын жүргізушілер мен қонақтарды ду күлкіге батырды.