Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыдағы Райымбек батырдың мемориалдық кешені жаңғыртылады

/
Алматыдағы Райымбек батырдың мемориалдық кешені жаңғыртылады
Сурет: Әкімдік

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемориалдық кешеннің құрылыс алаңына барып, нысанның қазіргі ахуалымен танысты. Жаңа кешен заманауи мәдени кеңістікке айналып, тарихи мұраны сақтау символы болмақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кешен құрамына батырлар мұражайы, қайнар су көзі, зияратшыларға арналған бөлмелер, әкімшілік ғимарат және діни рәсімдерге арналған аймақтар кіреді. Сондай-ақ XVIII ғасырдағы жауынгерлік қару-жарақтың қайта жасалған үлгілері ұсынылатын экспозиция ұйымдастырылады.

«Жыл соңына дейін мұражайдың құрылысы мен абаттандыруды толық аяқтау қажет. Жұмыстар сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Райымбек батыр мавзолейі – Қазақстанның киелі орындар картасына енген, жалпыұлттық маңызы бар нысан. Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін мұнда ұлы қолбасшының өмірі мен ерлігін баяндайтын заманауи экспозиция ашылады.