Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жібер, барғым келмейді": Қызды алып қашпақ болған жерінен көршілері құтқарып қалды (ВИДЕО)

/
"Жібер, барғым келмейді": Қызды алып қашпақ болған жерінен көршілері құтқарып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Ақсай-4" шағынауданында қызды күштеп алып қашу сәті түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видео қыздың жүрек жұтқан айқайынан басталады.

"Мен барғым келмейді, жібер! Көмектесіңіздерші!" – деп шырылдайды ол.

Артынша камера қараңғыда тұрған көлікті және қызды машинаға күштеп отырғызуға тырысқан үш жігітті көрсетеді.

Қыздың айқайын естіген көршілер жүгіріп шығып, оны құтқарып қалады. Қыз көліктен ащы дауыспен жылап шығады. Оқиға орнына көршілердің бірі полиция шақырған.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйекте болған.

"Оқиғаға қатысушыларының бәрі анықталды. Белгілі болғандай, жігіт пен қыз бір-бірін бұрыннан таниды. Қыз шағымданудан және арыз жазудан бас тартты", – деді департамент өкілдері.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдікті ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заңға қайшы әрекеттердің жауапкершілігі түсіндірілгенін атап өтті.