Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада «Шәкәрім» қойылымының тұсаукесері өтеді

/
Астанада «Шәкәрім» қойылымының тұсаукесері өтеді
Сурет: ашық дереккөзден

Астанада Музыкалық жас көрермен театры Ермек Аманшаевтың «Шәкәрім» атты музыкалық драма жанрындағы қойылымының премьерасын ұсынады. Премьера қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында қойылады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ермек Аманшаевтың «Шәкәрім» музыкалық драмасы – қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын арқау еткен терең философиялық туынды. Қазақ руханиятының аспанында жұлдыздай жарқ етіп, ғұмырын халқының санасын оятуға арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақиқат іздеуші кемел ойдың иесі, ұлтының рухани ұстазы. 

Музыкалық драмада Шәкәрімнің ақтаңдақ кезеңдерді бастан өткерген тағдыры, рухани ізденістері, әділет пен махаббатқа деген көзқарасы, сондай-ақ өміріндегі драмалық оқиғалар суреттелген. Қойылым бірнеше сахналық көріністерден тұрады. Шәкәрім мен оның қоршаған ортасындағы кейіпкерлердің болмысы кеңінен ашылады. Әсіресе, Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрімнің рухани байланысы, Абайдың ағалық қамқорлығы және Шәкәрімнің оның ізін жалғастыру жолындағы азаматтық ұстанымдары ерекше мәнге ие.

«Шәкәрім» музыкалық драмасы өскелең ұрпаққа көрнекті тұлғаның шығармашылық мұрасын, рухани құндылықтарын, ізгілік пен мейірімділікке негізделген адами қасиеттерді дәріптейді. Айта кетейік, музыкалық драма жанрындағы қойылымының премьерасына арнайы билетпен кіруге болады.