Logo
Іздеу
Айдарлар

"Өті жарылып кетсе де шындық": Сырым Исабаев Қайрат туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

/
"Өті жарылып кетсе де шындық": Сырым Исабаев Қайрат туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әнші Сырым Исабаев Аман Тасыған жүргізетін сұхбат барысында өнердегі жолы мен көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді, деп Arasha.kz тілшісі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әңгіме барысында Қайрат Нұртаспен арадағы шығармашылық байланысқа да тоқталды.

"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды. Ескі әннің тізесін шығарып айта бергіміз келмеді", – деп жауап берді тасада қалған әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл ойына қатысты түрлі пікір жазды.

"Қайраттың шешесі Сырымды шеттетіп жіберді. Әйтпесе Сырымның дауысы керемет", "Мейрамбектен кейінгі талант осы ғой", "Гүлзира ханым екеуі бірге жүрсе, халықтың ықыласы Сырымға ауып кететінін білді. Қызғаныш болды, өті жарылып кетсе де шындық", "Сырымды Қайроштың мамасы құртты. Бәріміз білеміз бұны", – деді олар.