Белгілі блогер Елдос "Колобоктың" анасы Жанат ханым "Құпия подкастқа" берген сұхбатында көпшілікке беймәлім әрі жүрек ауыртарлық оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның сөзінше, жұбайы қаза болған сәтте ол қатты абыржып, қандай қадам жасарын білмей қалған.
"Өйткені мен тек үйде отырып, бала бағумен айналысатынмын. Күйеуім ет сатумен күнелтетін. Шымкенттен ет жеткізіп жүретін. Бір күні оны атып кетті. Не болғанын түсінбей қалдым. Сол күні үйден шығар алдында біраз сөйлесіп, бірге тұрдық", – дейді Жанат ханым.
Ол марқұмды қылмыскерлер алдап Шымкентке шақырғанын да айтты.
"Сол жақта өлтіріп, өртеп жіберген екен. Күйеуімнің денесін бөлек, басын бөлек жерледік. Басын тексеруге кесіп алып қалған екен. Денеден кейін бірнеше күннен соң әкеліп берді. Өзім апарып, денесінің қасына жерледім", – деп есіне алды ол.
Айтуынша, ол кезеңнің көптеген ауыр сәттері қазір есінде сақталмаған.