Logo
Іздеу
Айдарлар

Сұмдық жағдай! Шұғыл! Бауырлас елде қауіпті ауру тарай бастады

/
Сұмдық жағдай! Шұғыл! Бауырлас елде қауіпті ауру тарай бастады
canva

Моңғолияның Ховд аймағында бубон обасы белгілері анықталған күдікті жағдайлар тіркеліп, жергілікті билік бірқатар шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Булган елдімекенінде ауруға ұқсас жағдайлар тіркелгеннен кейін аймақ басшысы жаппай шараларды тоқтатып, мектептерді қашықтан оқыту форматына көшіруге шешім қабылдады. Қазіргі уақытта дезинфекциялау және індеттің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Мөрөн және Цагаан-Уул елдімекендерінде халықтың қозғалысына, көліктің кіруі мен шығуына енгізілген тыйым ұзартылды. Бұл аймақтардың бірінде обаға шалдыққан тұрғын қайтыс болған. Бұған қоса, базарлар мен сауда орындарының жұмысы, қоғамдық тамақтану және алкоголь өнімдерін сату уақытша тоқтатылды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, індетке шалдыққан үш адаммен байланыста болған 110 тұрғын дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айтуынша, 2025 жылғы тамыз айында Моңғолияның 17 аймағындағы 130 елдімекенде бубон обасының ошақтары анықталған. Ал 2014–2024 жылдар аралығында бұл ауруды 20 адам жұқтырып, олардың 9-ы көз жұмған.