Logo
Іздеу
Айдарлар

Жолдағы жанжалдан кейін көліктегі жүкті әйел баласынан айырылған (ВИДЕО)

/
Жолдағы жанжалдан кейін көліктегі жүкті әйел баласынан айырылған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзден алынды

Ташкенттің Яккасарай ауданында Gentra және BYD автокөліктерінің жүргізушілері арасында жолда орын ауыстыруға байланысты жанжал шықты. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Gentra жүргізушісінің айтуынша, ол қасында жүкті жары бар екенін айтып, жолақ ауыстыру үшін бұрылыс шамын қосқан. Алайда BYD жүргізушісі мұны кедергі ретінде қабылдап, сигнал беріп, көлікті қыса бастаған. Қысқа қуғыннан кейін BYD көлігі жолды бөгеп, ішінен жүргізуші мен оның әкесі шығып, Gentra көлігінің әйнектерін сындырған. Жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан, оның өтініштеріне қарамастан, қасында жүкті әйелі отырғанына мән бермеген.

Кейін BYD жүргізушісі көлікте әйел болғанын білмегенін айтып, зардап шеккен отбасы мен Өзбекстан халқынан кешірім сұрады. «Мен көлікте әйел отырғанын білмедім. Әйелдерден, отбасылардан және Өзбекстан халқынан кешірім сұраймын. Істегеніме өкінемін», – деді ол.

Алайда оқиғаның соңы қайғылы болды: Gentra жүргізушісінің жүкті жары түсік тастады. Сондай-ақ ол қол жарақатын алып, бетінен соққы іздері қалған.

Қазір оқиға бойынша Яккасарай аудандық ішкі істер бөлімінің Тергеу бөлімі Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлімі «б» тармағы (топ болып жасалған бұзақылық) бойынша іс қозғады. Бұл бапқа сәйкес 300-360 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, бір жылдан үш жылға дейінгі бостандықты шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Екі күдікті де қамауға алынды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша күдіктілердің әрекеттері қайта саралануы мүмкін.