Танымал блогер әрі актриса Мереке Қалбаева Instagram парақшасында жүрекке жетерлік жазбасын бөлісіп, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол өз оқырмандарына жеңгесінің денсаулығына қатысты хабар беріп, алаңдаушылық білдірді:
"Біз жылап жүрміз. Туған күн иесі, жаныма жақын алтын адам – менің жеңешем жарты жылдан бері аты жаман аурумен күресіп келе жатыр. Алайда мен жеңешемнің бұл ауруды жеңетініне, аяққа нық тұрып кететініне сенемін. Бұйырса 100 жасын тойлап отырамыз", – деді Қалбаева.
Сонымен қатар блогер оқырмандарына да үн қатып, туған күн иесіне жылы лебіздерін арнауға шақырды:
"Жанымызға жақындар аман болсын. Айдай сұлу жеңгемді туған күнімен құттықтап, ұзақ та хайырлы ғұмыр тілеп қойыңыздаршы, жандарым", – деп жазды ол.