Әлеуметтік желіде әзіл-қалжыңға толы бейнелерімен танылып, көпшіліктің сүйіктісіне айналған блогер Нұргелді марқұм анасына арнап ән шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Жақында жарық көреді. Анам туралы әнімді тыңдайсыздар", – деп жазды ол парақшасында.
Айта кетейік, қыркүйек айының басында Нұргелді Дракон ауыр қайғыға тап болып, көпшілікке анасынан айырылғанын хабарлаған еді. Ерекше пранктары арқылы танымал болған блогер әр бейнесін "Сәуле!" деп аяқтап, көрермендердің көңілін көтеріп жүрген. Өкінішке қарай, Нұргелдінің анасы Сәуле өмірден өтті.