Logo
Іздеу
Айдарлар

Salem Entertainment Джеки Чанмен бірлескен жобаны бастады

/
Salem Entertainment Джеки Чанмен бірлескен жобаны бастады
Сурет: Salem Entertainment

Salem Entertainment қабырғасында әлемдік кинематография аңызы – актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Salem Entertainment ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскендерін мәлімдеді. 

«Алматыда болған уақытында актер біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады. Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз. Бірақ сеніңіздер – алда сіздерді ғаламат жаңалықтар күтуде. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда!», - деді Salem Entertainment.