Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Асхат Аймағамбетов бар қазаққа қуанышты хабарды айтты

/
Сүйінші, ағайын! Асхат Аймағамбетов бар қазаққа қуанышты хабарды айтты
Sputnik / Санат Имангалиев. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Айттық – орындадық. Мектеп, колледж бен балабақшаларға жасалатын СЭС тексерулердің жазалауға бағытталған механизмін өзгертеміз, директорларды қорғаймыз және асханалардағы тағам сапасы мен балаларға жасалған жағдайға бақылауды күшейтеміз деп айттық. Бүгін біз әзірлеген арнайы түзетулер Мәжілісте қаралады.

СЭС қызметкерлері мектепке немесе балабақшаға келгенде не болады? Директорға айыппұл салына ма? Балалардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі? Бұл – ата-аналарды да, мұғалімдерді де, кәсіпкерлерді де толғандыратын сұрақтар. Соңғы жылдары жүйе көбіне формалдылыққа айналып кеткені жасырын емес.

Негізгі мәселелер қандай?

• тексерулер алдын ала келісіліп, тиімділігін жоғалтады;

• директорлар өз ықпалынан тыс жағдайлар үшін (сыныптардың толып кетуі, үш ауысымдық оқу және т.б.) айыппұл төлеп, жазаланады.

Енді не өзгереді:

қаржылық шығынды қажет ететін кемшіліктер үшін директор емес, әкімдік немесе уәкілетті орган жауап береді, ол үшін айыппұл салынбайды ұйымға;

СЭС-тің мектеп асханалары мен жазғы лагерьлерге тексеруі алдын ала ескертусіз жүргізіледі;

алғашқы тексеру айыппұлсыз өтеді. Ол мониторинг форматында жүргізіліп, нақты ұсыныстар мен нұсқаулар беріледі. Басты мақсат – жазалау емес, жағдайды түзету және көмектесу;

бақылаудың жаңа түрі енгізіледі – нысандарға барып, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын, асханалардың тамақ ұйымдастыруға әзірлігін, жазғы лагерьлердің балаларды қабылдауға дайындығын алдын ала бағалау;

балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда қатаң шаралар қолданылады: уақытша жабу, қызметкерлерді жұмыстан шеттету;

мектептік тамақ жеткізушілердің бірыңғай реестрі жасалады: адал емес мердігерлер жүйеден шеттетіледі.

Енді санитарлық бақылау жазалау құралы емес, балаларымыздың денсаулығы мен болашағын қорғаудың сенімді тетігіне айналады деп сенемін. Мектептер, балабақшалар мен колледждер өздері ықпал ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл төлемейді", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.