Актер Дәурен Айдарқұлов тағы да отбасын құрды. Ол қуанышты жаңалығымен бөлісіп, неке қию сәтінен суретті Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", – деп жазды актер.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ізгі тілектерін арнап жатыр. Олардың қатарында бұрынғы жары Ақбота Сейтмағамбет те бар.
"Бақытты болыңдар! Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын", – деп пікір қалдырды ол.
Айта кетейік, бұл – Дәурен Айдарқұловтың үшінші некесі. Оның алғашқы некесінен үш, екінші отбасынан екі баласы бар. Ал актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасып кеткен.