Logo
Іздеу
Айдарлар

2000 шенеунік жұмыстан босатылады: Президент маңызды құжатқа қол қойды

/
2000 шенеунік жұмыстан босатылады: Президент маңызды құжатқа қол қойды
pexels.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжатқа сәйкес, елдегі 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің лауазымы қысқартылады. Олардың орнына жасанды интеллект жүйесі енгізілмек.

Қысқарту аясында Салық комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әділет министрлігі, және Экология министрлігі секілді негізгі ведомстволар қамтылды. Сондай-ақ түрлі агенттіктер мен инспекцияларда 16 басшының орынбасары қызметінен босатылады.

Ресми мәліметке сай, бұл шешім реформалар мен заманауи технологияларды енгізу қажеттілігімен түсіндірілген.

Ал қызметінен босатылатын шенеуніктерге Еңбек министрлігі жаңа жұмыс табуға жәрдемдесетінін мәлімдеді.