Logo
Іздеу
Айдарлар

Павлодарда қар жауды

/
Павлодарда қар жауды
Сурет: видеодан скрин

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қар басқан көшелер мен жолдардың суреттерін бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қар түнде жауа бастап, таңға қарай қаланы қалың қар басқан. Ауа температурасы нөлден төмен түскен – жолдар көктайғақ, көліктер сырғанап жатыр, ал жүргізушілердің көбі әлі қысқы дөңгелек салып үлгермеген.

Астана – Павлодар тасжолы Екібастұздан кейінгі бөлігі жабылған. Қала билігі коммуналдық қызметтердің шамамен 300 техникасын іске қосқанын хабарлағанымен, тұрғындардың айтуынша, көшелер баяу тазалануда.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері ауа температурасы –9 °C-қа дейін төмендеп, қар жауу жалғасады.