Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаралы хабар: Елге танымал ақын, журналист дүниеден озды (ФОТО)

/
Қаралы хабар: Елге танымал ақын, журналист дүниеден озды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақ поэзиясы мен журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Мұрат Мырқанұлы Тастағанов дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады.

Мұрат Мырқанұлы 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарықамыс қыстағында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң, шығармашылық жолын "Коммунизм туы" (қазіргі Дидар) газетінде бастаған. Кейін өңірлік басылымдар мен мәдениет саласында ұзақ жыл қызмет атқарды.

Ол "Мәңгі жас ғұмыр", "Марқакөлім – мөп-мөлдірім, мерейім", "Алтын тау – Алтай" атты жыр жинақтарының авторы, сондай-ақ 60-тан астам әннің сөзін жазған. Туған өлкесінің рухани өміріне қосқан зор еңбегі үшін "Күршім ауданының Құрметті азаматы" атағына ие болған.