Logo
Іздеу
Айдарлар

Семейдің су жаңа әкімі сайланды

/
Семейдің су жаңа әкімі сайланды
Фото: adyrna.kz сайтынан алынды.

Демократияға бетбұрыстың, әділетті қоғамның орнауына сайлау жүйесінің саясатта маңызы зор. Сондықтан да Қазақстанда аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау жүйесі іске қосылғаны белгілі. Бұған дейін аудан әкімдерін кезең-кезеңімен сайлап, тәжірибелік тұрғыда белгілі бір нәтиже көрсеткендіктен, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау тәжірибесі қолға алынды. Соның ішінде алғашқы болып жақында көп жылдан кейін қайта облыс орталығы болып бекітілген Абай облысы, Семей қаласында әкім сайлауы өтті.

Дербестікті көксеген, тең қоғам мен әділдікке қол созған алаштықтардың үміт ордасы, астанасы етіп бекіткен Семейде осындай үлкен саяси науқанның алғашқы болып өтуінің маңызы зор.

Үстіміздегі жылы 12 қазан күні еліміздің тарихында алғаш рет облыстық маңызы бар қала әкімі болып су жаңа облыс орталығының, яғни Семей қаласының су жаңа әкім ретінде ‒ Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев сайланды.

Әкім болуға үміткер төрт кандидаттың ішінде үгіт-насихаты жағынан, еңбек жолында жеткен жетістіктері мен бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шыққан Қожанбаев болды.

Жаңадан сайланған 45 жастағы Қожанбаев «AMANAT» партиясының мүшесі. Ол бұған дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі болған. Яғни, әкім ретінде сатылап көтеріліп келе жатқан азамат. Осы облыстың тумасы ретінде Семейдің ішкі мәселелерін тұрғын ретінде білуі тиіс.

Әділет Қожанбаевқа 15 қазан күні Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлжан Қуанышева Семей қаласы әкімі болып сайланғаны туралы куәлік табыстады.