АҚШ-та 43 жастағы мектеп психологы Шерил Харрис Гейтс күйеуін өлтіруге оқталды деген айыппен сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу мәліметінше, әйел күйеуін улау жоспарын жасарда жасанды интеллекттен кеңес алған.
Гейтс ChatGPT чатботын пайдаланып, қандай рецептпен берілетін дәрілердің үйлесімі өлімге әкелуі мүмкін екенін және улы өсімдіктердің әсерін сұраған. Айыптаушылардың нұсқасы бойынша, ол алған мәліметтерді іс жүзінде қолданған: күйеуі үнемі ішетін Celsius энергетикалық сусынына психоактивті заттар қосқан.
Полиция күдіктіден шприцтер, қолдан жасалған капсулалар, пипеткалар, таразы және медициналық препараттар тапқан.
Шілде және тамыз айларында ер адам екі рет өз жағдайының күрт нашарлағанын және сусынында бөгде заттардың бар екенін байқаған.
Күйеуін өлтіруге оқталудан бөлек, Гейтске қудалау және мүлікті бүлдіру баптары бойынша да айып тағылған. Сот шешімімен әйел кепілсіз қамауда қалдырылды.